2 Қазан 2026, 17:02 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ұлытауда 250-ден астам бала қаржылай көмек пен тегін тамақ алмаған: Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Ұлытауда әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 250-ден астам балаға көмек берілді.

Ұлытау облысының прокуратурасы 250-ден астам баланың мемлекеттік қолдау алу құқығын қалпына келтірді. 

Ұлытау облысының прокуратурасы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 250-ден астам баланың өздеріне тиесілі қолдауды алмағанын анықтады. Заңды негіздер болғанына қарамастан, білім беру ұйымдары балаларды мемлекет көздеген көмекпен қамтамасыз етпеген.

Прокуратураның араласуынан кейін балаларға жалпы сомасы 12,7 млн теңге қаржылай көмек көрсетіліп, оқу жылы бойы тегін ыстық тамақ берілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Уәкілетті органдарға заң бұзушылықтардың себептерін жою және олардың қайталануына жол бермеу тапсырылды, - деп хабарлады Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Балалардың құқықтарын қорғау облыс прокуратурасының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың дұрыс тамақтануының маңызын айтты. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстанда 400 мыңнан астам бала материалдық және әлеуметтік көмекпен қамтылады

Қазы-қарта, жал-жая мен шұжыққа халықаралық сапа стандарттары енгізілуі мүмкін

Мектептегі заңсыздық: Алматы облысында 1000-нан астам балаға тегін ыстық тамақ берілмеген