Ұлытау облысында 9 мыңнан астам тұрғын біржолғы әлеуметтік төлем алады
Прокуратура араласуынан кейін Ұлытау облысында әлеуметтік төлем алатындар саны артып, 9 мыңнан астам тұрғын біржолғы қолдаумен қамтылды.
Ұлытау облысының 9 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік төлем алады.
Ұлытау облысының прокуратурасы әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға көмек көрсету кезінде олардың құқықтарының шектелгенін анықтады.
Біржолғы төлемдер белгіленген тізбеге енгізілген 11 аурудың тек 3 түрі бойынша ғана тағайындалған. Қалған аурулары бар азаматтар мұндай қолдауды алмаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде нормативтік құқықтық актілер қайта қаралып, көмек алушылардың қатары кеңейтілді. Нәтижесінде Ұлытау облысының 9 мыңнан астам тұрғыны біржолғы әлеуметтік төлем алады, - деп хабарлады Ұлытау облысы прокуртаурасының баспасөз қызметі.
Айта кетейңк, бұған дейін Атырауда 6,5 мың адамның құқығы қорғалды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан шекарасын кесіп өткен Иран азаматтары жауапқа тартылды
35,6 млн теңгенің дауы: Қызметін теріс пайдаланған жеке сот орындаушыға үкім шықты
Арқалықта 35 білім беру қызметкеріне тиісті төлемдер берілмегені анықталды