Бүгiн 2026, 14:25 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Түркістан облысында шекарадан өтуді «жеделдеткен» қылмыстық топ ұсталды

17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Түркістан облысында ҰҚК полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті.

Тергеу мәліметтері бойынша, топ мүшелері мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деп күдіктелуде.

Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, - деп хабарлады  ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі сотталды.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте бопсалаумен айналысқан күдікті топтың әрекеті әшкереленді