14 Тамыз 2026, 19:27 Фото: freepik.com

Түркістан облысында анасы жаңа туған нәрестесін өлтірді: Әйелге үкім шықты

Сотталушы әйел баласын өлітіргенін толығымен мойындады.

Түркістан облысының Сайрам аудандық соты жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот оған екі жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот анықтағандай, 2025 жылдың сәуір айында әйел жүкті болған. Бірақ бұл жағдайды туыстарынан жасырып, медициналық есепке тұрмаған және тексеруден өтпеген.

2025 жылдың желтоқсан айында ол Сайрам ауданындағы үйінде тиісті медициналық көмексіз аман-есен баласын босанады. Босанғаннан кейін әйел жаңа туған нәрестені ауласындағы дала дәретханасының шұңқырына тастаған. Оның өмірін сақтап қалуға ешқандай әрекет жасамаған.

Іс материалдарына сәйкес, ол баланың туу фактісін жасыру мақсатында шұңқырға тас пен топырақ араласқан құм төккен. Сот оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 100-былының 2-бөлігі (Ананың жаңа туған нәрестені өлтіруі) бойынша саралады.

Сот талқылауы барысында сотталушы тағылған айыпты толығымен мойындады. Прокурор оған екі жыл мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сайрам аудандық сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған екі жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін баласын сатқан әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы оқи отырыңыз:

Астанада кәріз құдығынан табылған нәрестенің анасы ұсталды

Қазақстан Орталық Азияда шала туған нәрестелерге көмек көрсетуде көш бастады

Кеш үйлену, мансап немесе бедеулік: Қазақстанда бала туу неге азайды?