23 Қараша 2026, 21:13 Фото: AP Photo/Markus Schreibe

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін қолдап пікір білдірді

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компанияның президенті және бас директоры лауазымына қайта тағайындағанын жариялағанға дейін, оны Қазақстан мен АҚШ президенттері көпшілік алдында қолдап сөйледі. Сонымен қатар, Дональд Трамптың айтуынша, Хуангтың талантына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин де жоғары баға берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 қарашада Астанада өткен III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның америкалық NVIDIA технологиялық компаниясымен ынтымақтастығын жоғары бағалады. Ол өзара әріптестік еліміз үшін нәтижелі екеніне тоқталып, жақында Астанаға арнайы келген Дженсен Хуангқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оны «аты аңызға айналған көрнекті инженер» деп атады.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Хуангтың Nvidia басшысы лауазымына қайта оралуына тілектес болды. Ол 16 қарашада-ақ мұндай шешімді құптайтынын мәлімдеді.

20 қарашада Трамп тағы да Хуангты қолдайтыны жөнінде пікір білдіріп, компанияны оның кешірімін қабылдауға және жұмысына қайта оралуына мүмкіндік беруге шақырды. АҚШ президенті кәсіпкердің Американың технологиялық саласы үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, ол тағы бір мүмкіндікке лайық екенін айтты.

Бұдан бөлек, Трамп Қытайдағы кездесу кезінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Дженсен Хуанг туралы сөйлескенін жеткізді. АҚШ президентінің сөзінше, Қытай көшбасшысы да кәсіпкерге жоғары баға беріп, оны талантты адам деп атаған.

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты корпорацияның президенті және бас директоры қызметіне қайта тағайындауға бірауыздан дауыс берді.

Еске салсақ, NVIDIA басшысы Қазақстанға алғаш рет келіп, 1998 жылғы видеокартаға қолтаңбасын қалдырған болатын.

Сондай-ақ, Президент NVIDIA компаниясының президенті Дженсен Хуангпен кездесті. Тоқаев NVIDIA компаниясының басшысына Ақордадағы нәтижелі кездесу үшін алғыс айтты.

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан Physical AI әлемдік хабына айнала ала ма? NVIDIA басшысы ұсынысын айтты

Қазақстанда NVIDIA компаниясының физикалық жасанды интеллект жөніндегі өңірлік орталығын құру ұсынылды

Nvidia басшысы тыңшылық дауына ілікті: Не белгілі?

Дженсен Хуанг Nvidia компаниясын қайта басқаруға дайын екенін мәлімдеді