Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі Достық орденін табыстады
Мемлекет басшысы Никос Христодулидисті Қазақстанның жоғары наградаларының бірімен марапаттады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Никос Христодулидиске І дәрежелі Достық орденін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ең алдымен менің шақыруымды қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін президент Никос Христодулидис мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – Кипр басшысының елімізге президент ретінде жасаған алғашқы сапары. Осы тарихи оқиға мемлекеттеріміздің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретіні анық, - деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай құрмет Никос Христодулидиске Қазақстанға алғаш рет жасаған ресми сапары барысында көрсетіліп отырғанын жеткізді.
Кипр Республикасының басшысы осы оң үрдіске зор үлес қосып келеді. Мен мұны жоғары бағалаймын. Сол себепті жоғары мәртебелі президент Никос Христодулидиске І дәрежелі Достық орденін тапсырдым. Бұл награда қазақ елінің сізге және бүкіл Кипр Республикасының халқына деген ерекше құрметінің, шынайы ілтипатыныңм белгісі, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Еске салайық, бұған дейін елордада Қазақстан-Кипр келіссөздері басталғаны туралы жаздық.
Сондай-ақ, Президент «Саяси ерік-жігер нақты нәтижеге айналуы керек» – деп Кипрмен байланыс туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана-Ларнака бағыты ашылғанын да атап өтті.
AI, логистика, туризм: Қазақстан мен Кипр үшін басым салалар қандай екені хабарланды.
Тоқаев Кипр бизнесі Қазақстанға қызығушылық танытып отырғанын айтты.