20 Қараша 2026, 19:45
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Тоғыз жәбірленуші және 40 млн теңге шығын: Павлодар облысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Павлодарда алаяқтар тобы ұсталды.
Павлодар облысында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде интернет-алаяқтықтың бірқатар фактілерін жасады деген күдікке ілінген адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Топ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған келісілген схема бойынша әрекет еткен. Полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Бүгінде тергеу барысында тоғыз жәбірленуші анықталды, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңгені құрайды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Бұл ретте құқық қорғау органдары қылмыс эпизодтары мен жәбірленушілер санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән-жайын, күдіктілердің әрқайсысының рөлін, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция цифрлық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ осындай схемаларды ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде студент қыз оқу ақысына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Жалған тұлғалардың атына автонесие рәсімдеп, көліктерді шетелге сатқан: 48 күдікті анықталдыАстанада той жасамақ болған 10 адам алаяққа алданып қалды
Әлемді дүрліктірген ақырзаман: Банктерде ақша жоғалып, интернет өше ме?