17 Қыркүйек 2026, 19:53 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Теңге қайтадан нығайды

KASE-тегі кешкі сауда-саттықтан кейін доллар 0,25 теңгеге арзандап, 444,58 теңге белгісінде тоқтады. Осы орайда Астана, Алматы және Шымкент қалаларының айырбастау пунктерінде өз валюта бағамдары шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана

Еуро 509 теңгеден қабылданып, 519 теңгеден сатылуда.

Долларды 443 теңгеден өткізіп, 450 теңгеден сатып алуға болады.

Юань 68,5 теңгеден қабылданып, 72 теңгеден сатылуда.

Рубль 4,95 теңгеден қабылданып, оны 5,15 теңгеден сатып алуға болады.

Алматы

Еуро 510 теңгеден қабылданып, оны 515 теңгеден сатып алуға болады.

Доллар 446,5 теңгеден өткізіліп, айырбастау пунктерінде 447,5 теңгеден ұсынылуда.

Юань 68 теңгеден қабылданып, 69 теңгеден сатылуда.

Рубльді 5,05 теңгеден өткізіп, 5,11 теңгеден сатып алуға болады.

Шымкент

Еуро 510 теңгеден қабылданып, 517 теңгеден сатылуда.

Долларды 446 теңгеден өткізіп, 448 теңгеден сатып алуға болады.

Юань 68 теңгеден қабылданып, 71 теңгеден сатылуда.

Рубль 5,05 теңгеден қабылданып, оны 5,15 теңгеден сатып алуға болады.

Еске салайық, бұған дейін алтын бағасы унциясына 4300 доллардан төмен түскені хабарланды

Тағы оқи отырыңыз: 

Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған соққы әлемдік нарықты қалай дүрліктірді?

Forbes есебі: Трамптың байлығы сайлаудан кейін қалай өзгерді?