Таразда арнайы мектептен 3 оқушы қыз қашып шыққан: Полиция ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғады
Әлеуметтік желіде Таразда арнайы мектептен 3 оқушы қашып шығып, әлімжеттік көргендері туралы айтқан туралы ақпарат тарады. Полиция ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысының полиция департаменті BAQ.KZ редакциясының сауалына осы оқиғаға қатысты жауап жолдады.
Тараз қаласындағы арнайы мектептің кәмелетке толмаған тәрбиеленушілеріне дене жарақаттарын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін аталған мекеме тәрбиеленушілеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы полицияға ешқандай хабарлама немесе арыз-шағым түспеген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында айтылған барлық уәждер мұқият тексерілуде. Кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне, сондай-ақ арнайы мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетіне де құқықтық баға беріледі, - деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар полиция тарапынан құқық бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мекеме басшылығына ұсыныс енгізілгені айтылды.
Полиция тарапынан құқық бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мекеме басшылығына ұсыныс енгізілді. Құқыққа қайшы әрекеттердің бірде-бір дерегі полицияның тиісті назарынан тыс қалмайды. Тергеу барысы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, - делінген полиция жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады.
Тағы оқи отырыңыз:
Шымкент дәмханасындағы жанжал: Әйелдің беті мен қолын жарақаттаған күдікті қамалды
Ақмола облысында жүргізуші әйелін көлігімен қағып өлтірді
Кассирді қорқытып, ақша алған: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды