Синоптиктер ескертеді: Қазақстанның бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады
Батыста температура -6 градусқа дейін төмендейді.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1-3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Жаңбыр жауады, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді. Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Сондай-ақ, 2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны хабарланды.
Ал қыркүйек айында қазақстандықтарда ресми мереке күндері болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде азаматтар сегіз күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында тек төрт күн демалды.