Шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып, ел шекарасынан өтпек болды
Шекарада 70 мың долларды киіміне жасырған шетелдік ұсталды.
Қазақстан шекарасында 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізу әрекеттері әшкереленді.
1-10 тамыз аралығында Қазақстанның мемлекеттік шекара арқылы өту өткізу пунктерінде декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 70 әрекеті анықталды. ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, олардың жалпы сомасы 645 млн теңгеден асты.
Не анықталды?
ҰҚК Шекара қызметі ел аумағынан тыс жерлерге ақшалай қаражатты заңсыз алып шығудың жолын кесу бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында шетелдік азаматтан 70 мың АҚШ доллары – шамамен 32,55 млн теңге табылды. Ақша киімнің астына жасырылған.
Әрі қарай не болады?
Анықталған фактілер бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органға берілді.
Қанша ақша алып шығуға болады?
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан декларациясыз 10 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі қолма-қол ақшаны алып шығуға болатынын ескертеді.
Белгіленген лимиттен асқан жағдайда ақшалай қаражатты декларациялау және алып шығу бойынша заңнама талаптарын сақтау қажет.
Еске салайық, бұған дейін шекарада 3,9 миллиард теңгенің тауарын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолы кесілді.
Тағы оқи отырыңыз:
Шекарада төбелес шығарған көпбалалы анаға қатысты сот үкімі шықты
Қазақстан шекарасында қауіпті жемістер партиясы анықталды
Қазақстан-Өзбекстан өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс істейтін болады