8 Қыркүйек 2026, 17:49 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Семейде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан зейнеркерді көлік қағып кетті

Семейде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 69 жастағы көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында болған.

Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылу кезінде 69 жастағы әйелді қағып кетті. Бұл сәтте ол жолдан реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Көлікті басқарған тұлғаның жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жауап берді Абай облысының ПД баспасөз қызметі редакция сауалына.

Полиция жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында жылдамдықты азайтуға және маневр жасау кезінде сақтық танытуға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында Mercedes қағып кеткен 8 жасар қыз көз жұмды

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қайтыс болды

Алматыда көлік жүргізген оқушы жеке тұрғын үйдің қақпасына соғылды

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты