Семейде 60 жастағы ер адам биіктіктен құлап қаза тапты
Семейде 60 жастағы ер адам биіктіктен құлап қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысы Полиция департаменті төтенше жағдайдың болғанын растады.
2026 жылғы 11 қараша күні сағат 13:53-те Семей қаласында 60 жастағы ер адамның биіктіктен құлау салдарынан қаза тапқанын хабарлайды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жауап жолдады ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Айта кетейік, бұған дейін Оралда екі жасөспірім биіктен құлап қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыз:
Шымкентте пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болды
Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болды: Екі бала зардап шекті