Қызылордада балаларды жұлқылаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Балабақша тәрбиешісі балаларды жұлқылап, дөрекілік көрсеткен.
Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекілік танытқан сәттері түсірілген кадрлар тарады.
Видеодағы әйел баланы қолынан сілке тартып, үстелге қарай сүйреп апарады. Бұл кадрлар желі қолданушыларының арасында алаңдаушылық тудырды. Олар құзырлы органдардан тиісті шара қолдануды сұрады
Қызылорда облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегіне қатысты полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның ішінде полиция бейнежазбаларды зерттеуде. Облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізілді, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге қатысты үкім шықты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Балаларды басынан ұрған: Ақтөбе облысында балабақшада тексеріс басталды
Балабақшада пышақ ұстап жүрген бала тәрбиешінің ұлы болып шықты
Атыраудағы балабақшада балаға шкаф құлаған: Тәрбиешілер жазаланды