Қырғызстанда ҰҚК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жолданды
Ташиевке «билікті күшпен басып алуға дайындалу» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» айыптары тағылып отыр.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке қатысты іс бойынша айыптау актісі бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Kaktus Media-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы адвокат Икрамидин Айткулов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ташиевке «билікті күшпен басып алуға дайындалу» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» айыптары тағылып отыр.
Іс Бішкек қаласының Бірінші май аудандық сотына жолданды. Ташиевпен бірге бұл іс бойынша тағы жеті адам айыпталуда.
Сондай-ақ адвокат істің құпияланғанын жеткізді. Бұл сот процесінің жабық режимде өтуі мүмкін екенін және тергеу мен сот мәліметтерін жариялауға тыйым салынғанын білдіреді.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда Ташиев пен тағы екі экс-шенеунік мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша тергеліп жатқаны хабарланды.
Қамшыбек Ташиевке екі бап бойынша айып тағылды.
Оқи отырыңыз:
"Президенттің ең жақын серігінен – сатқындыққа дейін": Қамшыбек Ташиев жайлы не белгілі?
Қырғызстандық компания Ауғанстанда алтын өндірумен айналысады