21 Қыркүйек 2026, 13:39 Фото: видеодан скриншот

Қырағы машинист теміржол бойында жалғыз жүрген 4 жасар баланы құтқарып қалды

Машинист теміржол бойынан төрт жасар баланы қауіпсіз жерге жеткізді.

Теміржолшының қырағылығы төрт жасар баланы қауіптен аман алып қалды.

2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемінің жанынан Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз бағыт алған төрт жасар баланы байқап қалған.

Пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізген. Оқиға туралы ол пойыз диспетчеріне дереу айтқан, - деп хабарлады «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды. Станция кезекшісі баланың ата-анасымен байланысып, оны ата-анасына аман-есен табыстауды қамтамасыз етті.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас малды қағып кетті. 
 
Тағы оқи отырыңыз: