28 Тамыз 2026, 12:37 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Құрылтай депутаттары ант беруді бастады

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында депутаттар ант қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін, - деді жаңа депутаттар.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша 5 саяси партия 5 пайыздық межені еңсеріп, депутаттық мандаттарға ие болды.

Құрылтайдың 145 мандаты мынадай тәртіппен бөлінді:

  • «Әділет» – 110 мандат;
  • «Ауыл» – 10 мандат;
  • Respublica – 9 мандат;
  • «Ақ жол» – 8 мандат;
  • ЖСДП – 8 мандат.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылғаны хабарланды.

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуымен құттықтады.

Президент елімізде кәсіби Парламентке деген сұраныс артқанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Құрылтайдың төрағасы лауазымына кандидатты ұсынды.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев Вице-президент пен Премьер-министрдің кандидатураларын қашан ұсынатынын айтты