Президент Құрылтайдың төрағасы лауазымына кандидатты ұсынды

28 Тамыз 2026, 11:44
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 28 Тамыз 2026, 11:44
28 Тамыз 2026, 11:44
191
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа Конституцияға сәйкес, билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірөатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең алдымен Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет, - деп айтты Тоқаев.

Конституцияның 57-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады.

Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын, - деді Президент.

Тоқаев Айбек Дәбебай мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет еткенін атап өтті.

Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылғаны хабарланды.

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуымен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Наверх