Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады?
Қазақстандықтар 2026 жылы Құрбан айтта неше күн демалатыны белгілі болды.
2026 жылғы мамыр айының соңында қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтіп тұр. Құрбан айт мерекесіне байланысты 27 мамыр демалыс болады.
2026 жылы Қазақстанда Құрбан айт қашан болады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.
Құрбан айттың алғашқы күні – 27 мамыр. Ол сәрсенбіге сәйкес келеді. Сәрсенбінің сәтті күні 27 мамыр – Қазақстанда ресми демалыс күні болып бекітілген. Сондықтан қазақстандықтар жұмыс аптасының ортасында қосымша бір күн демалады.
Атап өтейік, бес күндік жұмыс аптасы кезіндегі кесте келесідей болады:
- 25 және 26 мамыр - жұмыс күндері;
- 27 мамыр – Құрбан айтқа орай демалыс;
- 28 және 29 мамыр - жұмыс күндері;
- 30 және 31 мамыр - демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар үшін де 27 мамыр демалыс күні болады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалатыны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Астанада құрбандық шалынатын орындар белгіленді
2026 жылы құрбандыққа шалынатын мал қанша тұрады?
Құрбан айтта киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар өтеді – Бас мүфти елге үндеу жасады