Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандап, 75 млрд теңге үнемделді
Үкімет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реформасын күшейтіп жатыр.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін реформалау барысы туралы айтты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары ашықтықты арттыру, препараттардың құнын төмендету және цифрлық технологияларды енгізу болды.
Министрдің айтуынша, ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында дәрілік заттардың 5 мыңнан астам позициясы қайта есептелді, ал өткен жылдың шілде айынан бастап жаңа бағалар белгіленді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша біріңғай дистрибьютор арқылы сатып алу кезінде бюджет қаражатының 75 млрд теңгеге жуығы үнемделді.
Премьер-министр Олжас Бектенов фармацевтика саласын дамыту үшін мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Әңгіме дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту, технологиялар трансферті, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы болып отыр.
Оның айтуынша, басымдық отандық өндірушілерді қолдау, соның ішінде медициналық техника мен дәрілік препараттар шығару болып қалуы тиіс. Үкімет басшысы мемлекет бизнестің әкімшілік жүктемесін азайтуды және қолдау шараларын кеңейтуді жалғастыратынын атап өтті. Сонымен қатар бизнестен қолжетімді бағамен сапалы әрі қауіпсіз өнім қамтамасыз етіледі деп күтіледі.
Премьер-министр Олжас Бектенов фармацевтикалық өнім өндірісін ұлғайту, технологиялар трансфері, халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағыттарында мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысының қажеттілігіне назар аударды.
Отандық өндірушілерді қолдау басымдыққа ие болуы керек және бұл барлық салаға қатысты. Біз барлық бағытта, соның ішінде медициналық техника және дәрілік заттармен өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуіміз қажет. Бұл - маңызды мәселе. Үкімет кәсіпкерлік қызметті реттеу саясаты аясында бақылау және әкімшілік жүктемені азайту, сондай-ақ бизнестің мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін кеңейту жұмыстарын жалғастырады. Өз кезегінде, бизнес тарапынан әлеуметтік жауапкершілікпен қатар, халықтың кең ауқымы үшін қолжетімді бағада қауіпсіз әрі сапалы фармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз ету бағытында нақты қадамдар қажет, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді:
Денсаулық сақтау министрлігіне осы жылдың 1 шілдесіне дейін «бір терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Оның айтуынша, осы жылдың 1 маусымына дейін көтерме және бөлшек сегменттегі құны 1 айлық есептік көрсеткішке дейінгі дәрілік заттардың бағасын дерегуляциялау жұмыстарын аяқтау қажет, ал 1 айлық есептік көрсеткіштен жоғары бағалар бойынша биылғы 1 желтоқсанына дейін аяқтау керек.
Денсаулық сақтау министрлігіне «Атамекен» Ұлттық палатасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, баға белгілеудің халықаралық тәсілдерін талдау негізінде отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың әділ нарықтық бағасының теңгерімін қамтамасыз ету тапсырылды.
Бұдан бөлек, локализациялау құралы және сервистік инфрақұрылым ретінде медициналық техниканы жеткізуге ұзақмерзімді шарттар жасасу тетігі бойынша ұсыныстар енгізу жүктелді.
Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады.
Тағы оқи отырыңыздар:
Көлік жүргізуге қауіпті дәрілер қандай? Дәрігер тізім жариялады
Қазақстанда БАД-тарды бақылау күшейтілмек: ДСМ жаңа ережелер әзірлеуде