Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді
2026 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады.
Тағы оқи отырыңыз:
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды: Олар кім және Президент бұған дейін қандай сын айтқан?
Мәртебе құтқармайды: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты сарапшылар не айтты?
«Самұрық-Қазына» АҚ қызметін штаттық режимде жалғастыруда
Нұртөре Жүсіп: Бұрын тек шабақтар мен шортандар қармаққа ілінсе, бүгін екі бірдей акула ауға түсті