Петропавлдағы макарон өндіретін кәсіпорында 35 жастағы жұмысшы қаза тапты
12 қазанда Петропавлдағы Труд көшесінде орналасқан өндірістік нысанда 35 жастағы жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Petropavlovsk.news хабарлады.
Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам өндірістік қондырғының ішіне құлап, ауыр жарақат алған. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Редакция дереккөзінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Сұлтан» фабрикасында болған. Дереккөздің айтуынша, қамыр илейтін құрылғыны тазалау кезінде жұмысшы оның ішіне түсіп кетіп, ауыр жарақат алған.
Сондай-ақ редакцияға марқұмның осы өндіріс орнында көп жылдан бері жұмыс істегені хабарланған. Демек, оның жабдықтармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар.
СҚО полициясы адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
12 қазанда Петропавл қаласындағы Еңбек өткелінде орналасқан өндіріс орындарының бірінде, алдын ала мәлімет бойынша, жазатайым оқиға болған. Өндірістік қондырғының ішіне құлау салдарынан кәсіпорынның 35 жастағы жұмысшысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте су құбырларын ауыстыру үшін терең құдыққа түскен екі жұмысшы қаза болған еді.
Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы алтын кенішінде және Қостанай облысындағы кәсіпорында да жұмысшының қаза тапқан хабарланды.