Бүгiн 2026, 17:16 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Періштесі қақты: Павлодар облысында 5-қабат терезесінен құлаған бала ауруханаға түсті

Кішкентай бала 5-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткені анықталды.

Павлодар облысында бала бесiншi қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала құлап кеткен сәттегі видео әлеуметтік желіде тарады. 

Облыстық полиция департаменті баланың терезеден құлау фактісін растады. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, 31 мамырда Екібастұз қаласында, М.Жүсіп көшесінің бойында кішкентай бала 5-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткені анықталды. Оқиға кезінде анасының басқа бөлмеде болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта бүлдіршін ауруханада жатыр. Полиция баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін оның анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада 4 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Тағы оқи отырыңыздар: 

Астанада бойжеткен 9-қабаттан секірмек болды

Астанада төрт жасар бала терезеден құлап қаза тапты

Жатақхананың 5-қабатынан құлаған: Қарағандыда шетелдік студент мерт болды