Педагогтер де айлық алмаған: Алматы облысында 487 млн теңге жалақы қарызы өтелді
Еңбек кодексі бұзылған: Алматы облысында кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды
Алматы облысының прокуратурасы 487 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызының өтелуіне қол жеткізді.
Жыл басынан бері 2 ұйымда қызметкерлер алдында жалақы бойынша берешекке жол берілгені анықталды. Қабылданған прокурорлық шаралардың нәтижесінде 1 626 жұмыскердің құқықтары қорғалып, 487 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы толық өтелді.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жалақыны айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей төлеуге міндетті.
Еңбекшіқазақ ауданындағы «ALTYN ADAM» жекеменшік мектебі ұзақ уақыт бойы 134 педагогке жалақы төлемеген. Берешек сомасы 75,9 млн теңгені құрады. Прокурорлық араласу нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылып, еңбек инспекциясы тарапынан заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді. Қазіргі уақытта жалақы толық көлемде төленді. Жалпы, ағымдағы жылы прокуратура шараларымен 18 839 азаматтың құқықтары қорғалды, - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысының жетпейтінін айтты.
Тағы оқи отырыңыздар:
17,5 млн теңге берешек: Өскеменде 53 дәрігер екі ай бойы жалақы алмаған
Жалақы өсті, бірақ қалта жұқарды: Қазақстандықтардың табысы неге «құнсызданып» жатыр?
- Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді 11:44
- Instagram желісінде өзгерістер болды 11:43
- Қазақстанның бірқатар өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді 11:41
- Еуропада миллиондаған адам аптап ыстықтың жаңа толқынына тап болды 11:25
- Астанада үш жасөспірім электросамокатпен автобусқа қарсы жүріп, бірі жол апатына түсті 11:06
- Оңтүстік Кореяда рекордтық ыстықтан егістікте картоп «пісіп» жатыр 10:45
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек өңдей бастады – сарапшы 10:35