18 Қыркүйек 2026, 16:35 Фото: freepik.com

Павлодар маңында төрт автокөлік соқтығысты: Бір адам қаза тауып, жетеуі жарақаттанды

Павлодар-Кенжекөл жолындағы жол көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі түрлі жарақат алды. Полиция қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Не болды?

Жол апаты кезінде 4 автокөлік соқтығысқан. 

«Павлодар-Кенжекөл автожолында УАЗ Patriot, Audi 100, BMW және Lada Priora көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деп жауап берді BAQ.KZ сауалына Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға, әсіресе қарқынды қозғалыс учаскелерінде, жол жүру ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтау маңызды екенін еске салады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау-Бейнеу жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Сол кезде түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада бағанға соғылған BMW аударылып қалды

Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты