Кеше 2026, 10:51 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Парламент Президент туралы Конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Құжат бойынша комиссия құрамы бекітілді.

Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, құжат бойынша комиссия құрамын бекітті.

Парламент палаталарының заң жобасы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ, ал Сенаттан Бибігүл Жексенбай, Сергей Карплюк, Марат Қожаев, Андрей Лукин кірді. Комиссия төрағасы болып Үнзила Шапақ сайланды.

Айта кетейік, бұған дейін Президент туралы заң өзгерген еді.

Сондай-ақ, Қазақстанда Вице-президент қалай тағайындалатыны хабарланды.

Президент пен экс-Президент мәртебесіне қатысты өзгерістер болады.