Қазақстанда Вице-президент қалай тағайындалады

Заң жобасы депутаттарға ұсынылды.

Кеше 2026, 10:30
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві Кеше 2026, 10:30
Кеше 2026, 10:30
298
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасының жаңа нормаларын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, заң жобасының 3-тарауында Вице-президентті тағайындау тәртібі нақты белгіленген. Оған сәйкес, Вице-президентті Президент Құрылтайдың келісімімен тағайындайды.

Сондай-ақ кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары, өкілеттігін тоқтату негіздері және жоғары лауазымды тұлғаларға қойылатын шектеулер қарастырылған.

Вице-президенттің негізгі функциясы – Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік ету, – деді Ерлан Сәрсембаев.

Оның сөзінше, Вице-президенттің нақты өкілеттіктері Президент актілері арқылы реттеледі. Бұл мемлекеттік басқару жүйесін икемді етіп, практикалық міндеттерге бейімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Вице-президенттің қызметін Президент Әкімшілігі қамтамасыз етеді.

Заң жобасының 4-тарауында Президент актілеріне қатысты нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, уақытша жұмыс істемей қалған жағдайда Президентке конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтар шығару құқығын беру ұсынылған.

Министрдің айтуынша, бұл тетік конституциялық шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік басқарудың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх