Өзбекстанда сел көлікті ішіндегі жолаушысымен бірге ағызып әкетті
Өзбекстанда сел көлікті ағызып әкетіп, жолаушы қаза тапты.
Қашқадария облысы Төтенше жағдайлар басқармасының баспаөз қызметінің мәліметінше, 13 қазан күні сағат 17:30 шамасында Дехканабад ауданының таулы аймақтарында жауған қысқамерзімді нөсер жауын салдарынан «Қоңыррат» мекеніндегі Шақарбұлақ ауылы арқылы сел жүрген.
Сол кезде Damas автокөлігінің жүргізушісі мен оның серігі жолдан адасып, әрі қарай жүретін бағытты анықтау үшін сел жүретін арнаға тоқтаған. Осыдан кейін автокөлік сел арнасының тереңірек бөлігіне қарай сырғып кеткен.
Жүргізуші көліктен шығып, телефонмен хабарласуға әрекеттенген және өзінің серігіне селдің жақындап қалғанын ескерткен.
Дегенмен, сел тасқыны Damas автокөлігін ішінде отырған жолаушысымен бірге ағызып әкеткен.
Кейін жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан жолаушының мәйіті табылды.
Оқиға орнында аудандық әкімдіктің, Төтенше жағдайлар басқармасының және ішкі істер органдарының жауапты қызметкерлері жұмыс істеп жатқаны аталып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанның тоғыз өңірінде сел және тасқын қаупі бар екені ескертілгені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Бішкек – Ош тасжолының бірден бес жерінде сел жүрді
Өзбекстанға көлік алуға барған қазақстандық 10 мың долларынан айырыла жаздады