Өзбекстанның тоғыз өңірінде сел және тасқын қаупі бар екені ескертілді

Қауіп аймағына тоғыз облыстың жекелеген аудандары кіретіні айтылды.

8 Қазан 2026, 15:01
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 8 Қазан 2026, 15:01
8 Қазан 2026, 15:01
264
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Өзбекстанда 11-12 қазанда қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Тау бөктері мен таулы аймақтарда бұл сел мен тасқынға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзгидромет мәліметінше, қауіп аймағына тоғыз облыстың жекелеген аудандары кіреді: Қашқадария, Сурхандария, Самарқанд, Науаи, Жызақ, Ташкент, Наманган, Ферғана және Әндіжан облыстары.

Сонымен қатар, нөсер жауын-шашынға байланысты кей жерлерде жаңбыр суы жиналып, су басу қаупі туындауы мүмкін.

Тау бөктері мен таулы аймақтар тұрғындарына, сондай-ақ тауға баруды жоспарлаған туристер мен жүргізушілерге болжамды ескеріп, сақтық шараларын сақтау ескертілді.

Ташкент облысында бұл ескерту, атап айтқанда, Ахангаран, Бостандық, Паркент, Пскент, Орташыршық және Жоғарғышыршық аудандарына, сондай-ақ Ангрен мен Алмалық қалаларына қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін Бішкек – Ош тасжолының бірден бес жерінде сел жүрді. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Өзбек палауы Гиннес рекордтар кітабына қашан енді?

Өзбекстанда 40 жастан асқан студенттер саны көбейді

Өзбекстанда жұмыстағы зорлық-зомбылық пен қысымға қарсы шағымдану порталы іске қосылады

 
Наверх