Бүгiн 2026, 18:57 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Өскеменде ер адамның мәйіті табылды

Қаза тапқан адамның жеке басы белгісіз.

Өскеменде белгісіз ер адамның мәйіті табылды. Өңірлік полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп сақшылары кешенді тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқанын, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Мәйіт табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу және жедел іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қаза тапқан адамның жеке басы, сондай-ақ өлімнің себептері мен мән-жайлары анықталуда. Полиция азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми әрі шынайы ақпаратқа сенуге шақырады, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында денесінде күйік іздері бар әйелдің мәйіті табылды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Қарағандыда 34 жастағы әйелді өз көлігінде пышақтап кеткен

Бұрынғы әйелін аңдыған ақтөбелік ұсталды

Таразда әйел өзін скотчпен байлап, шабуылды қолдан ұйымдастырған