Қарағандыда автокөлік салонынан 34 жастағы әйелдің пышақ жарақаты бар денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әйелдің мәйіті Төлепов көшесінде тұрған көліктің ішінен анықталған. Марқұмның таныстары оның артында екі баласы қалғанын айтады. Олардың сөзінше, әйел жылжымайтын мүлік саласында қызмет көрсетіп, табысы жақсы, өз бетімен күн көріп жүрген адам болған.
Ол жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеді, жақсы табыс табатын, өз бетінше күнін көріп жүрген жан еді. Оны танығандардың бәрі үшін бұл – ауыр соққы, – дейді таныстарының бірі.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың себебі әзірге белгісіз. Полиция өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін айтты.