Кеше 2026, 18:40 Фото: ҰОК

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ерекше суретін жариялады

Михаил Шайдоровтың алтын медальмен ұйықтаған сәтіндегі суреті.

Қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында алтын медальмен ұйықтаған сәтіндегі суретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Фотосуретте Қазақстан туы ілінген бөлмеде алтын медаль таққан чемпионның ұйықтап жатқан сәті түсірілген. 

Тәтті армандар осыдан жасалған 🥇(Sweet dreams are made of this🥇), - деп жазды чемпион Михаил Шайдоров инстаграм парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың алтын медаль иегері атанған еді.

Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ, Михаилды жеңісімен Геннадий Головкин де құттықтады.

Ал әнші Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік тарту етті. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Mikhail Shaidorov (@mikhail_shaidorov)