2 Қыркүйек 2026, 19:43 Фото: dpa-international

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1,1 мыңнан асты

Непалда құтқарушылар 4 858 адамды іздеуді жалғастыруда. Тағы 6 541 тұрғын қауіпті аумақтардан қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Kathmandu Post-қа сілтеме жасап.

Непал полициясы 1 127 адамның қаза тапқанын растады. Читванда - 348, шығыс Навалпарасиде - 217, батыс Навалпарасиде - 190 және Нувакотта - 155 мүрде табылды. Тағы қаза тапқандардың 9-ы көршілес Үндістан аумағынан анықталды.

Мамандар 1 113 мәйіттің қажетті рәсімдерін аяқтап, 95 қаза тапқан адамның туыстарына денелерін тапсырды. Отбасыларына жақындарын табуға көмектесу үшін жеке басы әлі анықталмаған 911 адам туралы ақпарат полиция сайтына орналастырылды.

Іздеу-құтқару операциясына 7 912 полицей жұмылдырылды. Олар отбасыларды қауіпті аймақтардан эвакуациялап, көмек жеткізіп, үйінділер астында қалған жолдарды тазартып, хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуде.

Су тасқыны Бхотекоши өзеніне құлаған мұзды-тасты көшкін салдарынан болған. Су, балшық және үйінді ағындары елді мекендерді, жолдарды және шекара маңындағы сауда нысандарын қиратты. Сондай-ақ Непалдың бірнеше ауданындағы гидроэлектр станциялары зардап шекті.

Еске салсақ, бұған дейін Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 734-ке жеткенін хабарлағанбыз. Із-түзсіз жоғалған 2,5 мыңға жуық адамды іздеу жалғасып жатыр.

Непал Meta мен TikTok-тан су тасқыны туралы жалған видеоларды жоюды талап етті.

Тағы оқи отырыңыз:

Қытайдағы жойқын сел: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты 

Непалдағы жойқын апат: Із-түзсіз кеткен қазақстандықтардың саны артты 

500-ден астам адам қаза тапқан су тасқыны: Непалға ЕО 2 млн еуро бөлді