24 Қыркүйек 2026, 18:39 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Найзағай, тұман және шаңды дауыл: 25 қыркүйекте елімізде ауа райы қалай өзгереді?

25 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, жел күшейетінін, тұман түсіп, шаңды дауыл болатынын болжап отыр. Бірнеше облыста төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжануда. Батыста, солтүстікте және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта шаңды дауыл тұрады. 25-26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында оңтүстікте және таулы аудандарда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында 25-27 қыркүйек аралығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында 25 қыркүйекте таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда солтүстік-шығыс желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Тұман және қатты жел

Ақмола облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі деп болжанады. Солтүстік-шығыста жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында күндіз батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс жел солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Бірқатар аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Басқа өңірлерде қандай ауа райы күтіледі?

Ұлытау облысында солтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, түнде аздаған тұман күтіледі, ал облыстың солтүстігінде түнде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Түнде және таңертең тұман Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да байқалады.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Ақтөбе облысында батыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал Маңғыстау облысында солтүстік-батыста аздаған жаңбыр және найзағай күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Сондай-ақ, 2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны хабарланды

Ал қыркүйек айында қазақстандықтарда ресми мереке күндері болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде азаматтар сегіз күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында тек төрт күн демалды.