Бүгiн 2026, 15:43 Фото: ҰОК

Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы гала-шоуын қашан және қайдан көруге болады?

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы "Кунг-фу Панда" стиліндегі көрсетілімдік нөмірін ұсынады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Италиядағы Ойындардың гала-шоуында өнер көрсетеді. Бұл туралы Олимпиаданың ресми сайты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Гала-концерт жергілікті уақыт бойынша 21 ақпан сағат 20:00-де басталады. Шоу 2,5 сағатқа созылады. Оған мәнерлеп сырғанаушы барлық жүлдегерлер, сондай-ақ командалық жарыстарға қатысқан кейбір спортшылар қатысады. Спортшылар еркін бағдарламаларын орындайды.

Михаил Шайдоров жанкүйерлерге "Кунг-фу Панда" мультфильмі стиліндегі көрсетілімді ұсынады. 

"Мен "Кунг-фу Панданы" сырғанауды жоспарлап отырмын. Осы Олимпиада ойындарындағы басты мақсаттарымның бірі - көрсетілімдік шығарылымда "Кунг-фу Панданы" орындау болатын. Өйткені бұл менің ең сүйікті кейіпкерім. Мультфильмді өте көп көрдім. Кунг-фу Панда бір жағынан - айдаһар жауынгері, өте мықты, ал екінші жағынан - епсіз, күлкілі және тамақ ішкенді жақсы көреді. Меніңше, осы басты қасиеттер екеумізде ұштасатын сияқты", - дейді Шайдоров Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Миланның мұз айдынында келесі спортшылар өз нөмерлерін көрсетеді:

  • Юма Кагияма (Жапония);

  • Сюн Сато (Жапония);

  • Джунхван Чха (Оңтүстік Корея);

  • Адам Сяо Хим Фа (Франция);

  • Илья Малинин (АҚШ);

  • Даниэль Грассль (Италия);

  • Рику Миура мен Рюити Кихара (Жапония);

  • Анастасия Метёлкина мен Лука Берулава (Грузия);

  • Минерва Фабьен Хазе мен Никита Володин (Германия);

  • Мария Павлова мен Алексей Святченко (Венгрия);

  • Сара Конти мен Никколо Масии (Италия);

  • Гийом Сизерон мен Лоранс Фурнье Бодри (Франция);

  • Мэдисон Чок пен Эван Бейтс (АҚШ);

  • Пайпер Жиль мен Поль Пуарье (Канада);

  • Шарлен Гиньяр мен Марко Фаббри (Италия);

  • Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва).

Әзірге әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан кімдердің өнер көрсететіні белгісіз.

Қазақстандықтар гала-концертті көрсетілімін 21 ақпан күні сағат 23:55-те Jibek Joly телеарнасынан тамашалай алады.

Бұған дейін вице-министр Михаил Шайдоровтың Олимпиадаға дейінгі жалақысы 1,5 млн теңге болғанын хабарлаған еді.
 
Еске салайық, 14 ақпанда Михаил Шайдоров Италияда өткен Milano Cortina 2026 қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Ол қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, жапониялық Юма Кагияма (күміс) мен Шун Сатоны (қола) артта қалдырды. Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи болды – мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада алтыны иеленді.

Жеңістен кейін Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ, Михаилды жеңісімен Геннадий Головкин де құттықтады. Әнші Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік тарту етті. 

Одан кейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ерекше суретін жариялады

Қазақстанда Михаил Шайдоровты Олимпиадаға дайындауға қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды.