Михаил Шайдоров әлемнің үздік үш мәнерлеп сырғанаушысының қатарына енді
ISU мәнерлеп сырғанаудан әлемдік рейтингті жаңартты.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанаудың жаңартылған рейтингінде Шайдоров 3918 ұпай жинап, әлемнің үздік үштігіне енді.
Бірінші орынды 4590 ұпай жинаған америкалық Илья Малинин иеленіп тұр. Екінші сатыда 4123 ұпаймен Жапония өкілі Юма Кагияма орналасты. Михаил Шайдоров үздік үштікті түйіндеді.
Рейтингте тағы кімдер бар?
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудың әлемдік рейтингінде 13-орынды иеленді.
Қазақстандық мұздағы би жұбы Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев ISU-дың жаңартылған рейтингінде 44-орынға ие болды.
Жеңістен кейін Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Бұған дейін Шайдоров 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанған еді.
Сондай-ақ, 23 тамызда Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Тағы оқи отырыңыз:
Михаил Шайдоров 2030 жылғы Олимпиадаға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Михаил Шайдоров пен Надежда Морозова Олимпиада үшін мемлекеттік сыйлықтар алды
Шайдоровтың жалақысына қатысты дау: Министр мәселенің қалай шешілгенін айтты
Посмотреть эту публикацию в Instagram