Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Колумбия Президентіне көңіл айттты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Колумбияда 7,4 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болғанын, салдарынан қаза тапқандар саны 132 адамға жеткені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Президент кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Халық қаһарманы Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты
Президент қазақ киносының майталманы Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады