Бүгiн 2026, 11:25 Фото: gov4c.kz

Мамырдағы мереке: ХҚКО қалай жұмыс істейді?

ХҚКО мен Мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс кестесі.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін жариялады. 

Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр - кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады, - деп хабарлады ХҚКО баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалатыны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

 1 маусым Қазақстанда демалыс күні бола ма деген сұраққа Еңбек министрі жауап берді

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма деген сұрақтың жауабы белгілі болды

Синоптиктер мамыр айындағы ауа райын болжады