Бүгiн 2026, 09:43 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Маңғыстауда әуежай маңында ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірген заңсыз жер анықталды

Көлік прокуратурасы мемлекетке құны 870 млн теңге болатын 50 гектар жерді қайтарды.

Маңғыстау көлік прокуратурасы әуеаймақ маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін заңсыз берілген жер учаскесін анықтады.

Жер заңнамасын бұза отырып, бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңгені құрайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Көлік прокуратурасы органдары мемлекеттік мүдделерді қорғауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әуе маңындағы аймақтардағы бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында жоспардан тыс тексеріс жүргізілетіні хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматы әуежайында жолаушылар отырған аймаққа құбыр құлады

Ұшақта тәртіп бұзған алматылық жауапқа тартылды

Балқаш әуежайы қайта ашылды: Астана мен Алматыдан рейстер басталды