Ұшақта тәртіп бұзған алматылық жауапқа тартылды

Оқиға рейс Алматы әуежайына қонғаннан кейін болған.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 09:36
Бүгiн 2026, 09:36
258
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Алматы әуежайында көлік полициясының қызметкерлері Петропавл – Алматы бағыты бойынша ұшып келген әуе рейсінің жолаушысын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оқиға рейс Алматы әуежайына қонғаннан кейін болған. Әуе компаниясының өкілдері көлік полициясына ұшу барысында агрессивті мінез көрсеткен 63 жастағы алматылықты тапсырған.

Полиция мәліметінше, ер адам әуе кемесінің бортында мас күйде болған. Ол экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбай, балағат сөздер айтып, өзге жолаушыларға қолайсыздық туғызған.

Жасалған құқық бұзушылықтар үшін азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірден үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, қоғамдық орында мас күйінде жүргені, әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылды.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Тағы оқи отырыңыз: Рейс кешіксе немесе тоқтатылса не істеу керек? Әуе жолаушыларына нұсқаулық 

Наверх