Көкшетауда 211 млн теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы қамауға алынды
Құрылыс жұмыстары толық орындалмай, нысандар пайдалануға берілмеген.
Көкшетау қаласында 211 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды.
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде.
2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен «Айдана-ИК» ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден асатын сомаға келісімшарт жасалған. Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынған. Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-не 211 млн теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған. Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген. Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған. Күдікті қамауға алынды, - деп хабарлады ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.
Тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте студенті жоқ колледждерге грант бөлініп, 1,3 миллиард теңге жымқырылғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Сенатор: Қазақстанда тұрғын үй құрылысына қаржы жетпей жатыр
Шымкентте жыл басынан бері 106 заңсыз құрылыс нысаны анықталды