Келісім және амнистия: Жанабылов пен Төлегенованың жазасы неге жеңілдетілді?
Адвокаттың айтуынша, процессуалдық келісімнің шарттары бірнеше күн бойы тараптар арасында талқыланған.
Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім жарияланғаннан кейін олардың адвокаты Гаухар Айтжанова сот шешіміне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Адвокаттың айтуынша, процессуалдық келісімнің шарттары бірнеше күн бойы тараптар арасында талқыланған.
Неге бұлай болды? Мен сіздерге айтып отырмын ғой, осы күндердің бәрінде талқыладық. Жұма күнінен бастап процессуалдық келісімнің шарттарын қарастырдық, және бұл – ұсынылған шарттар, – деді Айтжанова.
Сотталушыларға қатысты көзқарастың неге әртүрлі болғаны туралы сұраққа жауап берген адвокат бұл істегі тұлғалардың бірінің құқықтық мәртебесіне байланысты болуы мүмкін екенін айтты.
Блогерлер амнистияға ілінуі мүмкін бе?
Айтжанова сондай-ақ экономикалық қылмыстар бойынша залал толық өтелген жағдайда жаза жиі жеңілдетілетінін түсіндірді.
Экономикалық қылмыстар бойынша, егер келтірілген залал өтелсе, әдетте жаза мерзімі қысқартылады – үштен біріне, төрттен біріне дейін. Кей жағдайларда толық босату да болуы мүмкін, – деді ол.
Журналистердің «қорғаушы сот нәтижесіне қанағаттана ма?» деген сұрағына адвокат жауап берді.
Мен қорғауымдағы тұлғалардың бостандықта қалғанына қанағаттандым, – деп жауап берді.
Еске салсақ, блогерлерге қатысты бүгінгі сот отырысында прокурор Жанабыловтың кінәсін мойындап, 247 млн теңге залалды өтегенін айтты. Сотта оған қандай шартты жаза сұралғаны белгілі болды.
Сотта аға прокурордың көмекшісі Олжас Хайруллаев Эльмира Төлегеноваға жаза тағайындау туралы ұсынысын жариялады. Прокурор Эльмира Төлегеноваға 2 жыл жаза сұрады.
Анықталғандай, Жанабыловтар тергеумен келісімге келді. Сот барысында судья әр айыпталушының ұстанымын жеке нақтылады.
Блогер Жанабылов пен Төлегеноваға сот үкімі жарияланып, екі айыпталушы да кінәлі деп танылды.
Сот отырысы барысында Жанабыловтардан қандай мүлік тәркіленетіні айтылды.