24 Қараша 2026, 14:51 Фото: видеодан скриншот

Кассирді қорқытып, ақша алған: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Қостанай облысының полицейлері жанармай құю станциясына жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Фёдоровка ауылында ер адам кассирді пышаққа ұқсас затпен қорқытып, жанармай құю станциясының кассасынан 342 мың теңгені алып, автокөлікпен оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын және жүрген жерін жедел анықтады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қолды болған ақша мен шабуыл кезінде қолданылған болуы мүмкін зат тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Қостанай облысының ПД баспасөз хатшысы Индира Нуруева. 

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда ер адам полиция бөлімшесіндегі мүліктің тас-талқанын шығарғаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Оралда көліктегі нөмірге балағат сөз жазып қойған жігіт жазаланды

Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды

Қазақстанда 7 жасөспірім «жарылғыш заттар» туралы жалған қоңырау шалғаны үшін жазаланды