Каспий жағалауынан тағы 35 итбалықтың өлексесі табылды: Экологтар судан сынама алуда
Маңғыстаудағы экологиялық ахуал: Экологтар теңіз суын тексере бастады.
Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан әлі де итбалықтардың өлекселері табылып жатыр.
19 мамырда Баутино ауылының маңындағы «Асан» жерінен «Касаға» дейінгі жағалау бөлігінен тағы 35 өлі итбалық пен 2 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды.
Экология департаментінің зертханалық-талдау бақылау бөлімінің мамандары осы учаскедегі теңіз суынан сынама алды.
19 мамыр күні Маңғыстау облысының балық шаруашылығы Басқармасының “Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет” КММ-нің инспекторлары Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында «Асан» жерінен бастап Баутин ауылына қарасты «Каса» жеріне дейінгі аралықта теңіз жағалауынан 35 дана итбалық және 2 дана бекіре тұқымдас балықтарының өлекселерін анықтады. Осыған орай Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары аталған орында теңіз суынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді. Су сынамаларының қорытындысы қосымша хабарланатын болады, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының экология департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізіндегі Құлалы аралында 37 итбалықтың өлексесі табылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Газ, індет әлде экология: Каспийдегі итбалықтардың қырылуына не себеп?
Каспий жағалауында итбалықтар жаппай қырылып жатыр
Маңғыстауда өлі итбалықтар саны 200-ге жуықтады