Хантавирус тараған кемеде қазақстандықтар бар ма?
ҚР СІМ редакция сауалына жауап берді.
Оңтүстік Атлант мұхитында бағыт алған MV Hondius экспедициялық кемесінде хантавирустық инфекция жағдайлары тіркелгеннен кейін жолаушылар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы сұрақтар туындады. Осыған байланысты BAQ.KZ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдады.
Испания Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған кеме жолаушыларының арасында Қазақстан Республикасының азаматтары тіркелмеген, – деп жауап берді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін туристер мінген лайнерде қауіпті вирус тарап, үш адам қайтыс болғаны туралы жаздық.
Сондай-ақ ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус карантинге жабылған круиздік лайнерді жеке қарсы алу үшін Тенерифеге барғаны хабарланған. Оның алдында ол жаңа пандемия басталды деген жалған ақпараттарды жоққа шығаруға мәжбүр болды.
Сондай-ақ қауіпті хантавирус тараған MV Hondius круиздік лайнерінің жолаушыларына әлем бойынша іздеу жарияланды.
10 мамырда бортында хантавирус індеті тіркелген MV Hondius круиздік лайнері Канар аралдарындағы Тенерифе жағалауына жеткені айтылды.
Ал кеше, 11 мамырда Хантавирус ошағы анықталған MV Hondius круиздік лайнерінен ондаған жолаушы елдеріне қайтарылып жатқаны белгілі болды.
Айта кетейік, Еуропада хантавирус өршіп тұр: ДДСҰ басшысы үндеу жасады.