Есікті бұзып кірген: Қарағандыда ірі көлемде ақша ұрлаған үш күдікті ұсталды
Ұрлық жасағандар қолға түсті.
Қарағандыда мекеменің есігін бұзып кіріп, ірі көлемде ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағандыда полиция қызметкерлері мекеменің есігін бұзып кіріп, ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікпен үш адамды ұстады. Ұрлық туралы полицияға ұйымның 44 жастағы өкілі хабарлаған.
Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында күдіктілердің бет-жүзі анықталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Криминалдық полиция мен арнайы жасақ қызметкерлері 32 жастағы, 25 жастағы және 21 жастағы күдіктілерді тұрғылықты мекенжайлары бойынша бір мезетте құрықтады, - деп жауап берді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі редакцияның сауалына.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер қамауға алынды. Полиция олардың өңірдегі өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 24 қылмыстық топтың жолын кесті.
Тағы оқи отырыңыз:
Павлодарда алма ағашының түбінен 25 миллион теңге салынған ыдыс табылды
3 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды
Астанада саяхатшы қыздың «ұрланған» велосипеді құрбысының үйінен табылды