Экранның арғы жағында бұғып қала алмады: Жетісуда 18 жастағы бойжеткен жауапқа тартылды
TikTok желісіндегі тікелей эфирде балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды.
Жетісу облысында 18 жастағы бойжеткен жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тікелей эфир заңнан тыс кеңістік емес. Талдықорған қаласында 18 жастағы Берікмұлаева Нұрай Абайқызы TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында былапыт сөздер айтып, айналасындағыларды құрметтемеу әрекетіне жол берген.
Құқық бұзушылықты Жетісу облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтады. Қыздың жеке басы анықталып, материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданды.
Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Полиция интернет кеңістігінде де заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді. Тікелей эфир кезінде жасалған құқыққа қайшы әрекеттер де заң аясында жауаптылыққа әкеп соғады. Қоғамдық тәртіп әр адамның қарапайым әдептілігі мен өзгелерге деген құрметінен басталады. Қоғамды құрметтемеу заң алдында жауап беруге негіз болады, - дейді Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда TikTok-таға баласының әрекеті үшін ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қонаевта әйел TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді
Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды
Талдықорғандық TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді