Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

Бұған дейін Қайрат Боранбаевтың жазасының үштен бір бөлігін өтеп, босап шығатыны белгілі болды. Журналистер Бас прокуратура өкілінен кәсіпкердің бостандыққа қашан шығатынын нақтылауын сұрады.

Қазіргі таңда соттың шешімі қабылданды. Соттың шешімі заңды күшіне енген кезде бостандыққа шығады. Қазір нақты қай күні шығатынын айта алмаймын, есімде жоқ. Бірақ соттың шешімі бір апта бұрын қабылданды десек, содан бастап он бес күндей күту керек. Яғни бір аптадан кейін шығуы мүмкін, - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында.

Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ “газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды” деген айыппен кінәлі деп танылып, Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Сонымен қатар 14 қыркүйек күні ҚМА Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарғанын айтқан болатын. Кейін Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шаралары қабылданып, жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Кейін тағы тағы мемлекетке 30 млрд теңге қайтарды. 

Қазан айынды мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.  19 қазан күні Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың арызы қанағаттандырылып, түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынатыны айтылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы