Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды
Балқаш қаласында 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16 қарашада Балқаш қаласының 55 жастағы тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреулер өзінің қыздарына қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағанын хабарлаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, құқыққа қайшы әрекеттер әртүрлі уақытта және әр жерде жасалған. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты тергеуге облыстық Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жауап жолдады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Айта кетейік, бұған дейін Қонаевта 6-сынып оқушысы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханада көз жұмды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады
Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Қазақстанда 7 жасөспірім «жарылғыш заттар» туралы жалған қоңырау шалғаны үшін жазаланды