Бүгiн 2026, 16:25 Фото: видеодан скриншот

Балконнан салбырап тұрды: Астанада 10-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

Бір сәттік әрекет – бір адамның өмірін сақтап қалды.

Елордада тұрғын үйдің 10-қабаттағы балконынан секірмек болған ер адам құтқарылды.

Астанада жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері, полиция капитаны Салават Мұхамбетов түнгі кезекшілікке дайындалып жатқан кезде көшеден шыққан айқай-шуды естіген.

Терезеге жақындап қарағанда ол көрші үйдің оныншы қабатындағы балконнан жартылай салбырап тұрған ер адамды байқаған.

Уақыт жоғалтпай, полиция капитаны дереу оқиға орнына қарай жүгірген. Сол сәтте ер адамның жұбайы оны бар күшімен ұстап тұрған. Алайда ер адам қарсылық көрсетіп, төмен секіруге әрекеттенген. 

Кәсіби дайындығының, батыл шешім қабылдай білуінің және жедел әрекет етуінің арқасында Салават Мұхамбетов ер адамды дер кезінде ұстап қалып, балконның шетінен қауіпсіз жерге тартып шығарды. Оның спорттық дайындығы да маңызды рөл атқарды. Ол бала кезінен бокспен айналысады, бұл оған төтенше жағдайда тез бағдар алып, сенімді әрекет етуге көмектесті. Құтқару операциясынан кейін ер адам медициналық қызметкерлерге тапсырылып, қажетті тексеруден өткізу және көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада бойжеткен 9-қабаттан секірмек болды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Астанада 4 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Періштесі қақты: Павлодар облысында 5-қабат терезесінен құлаған бала ауруханаға түсті

Жатақхананың 5-қабатынан құлаған: Қарағандыда шетелдік студент мерт болды